«Психология» БББ студенттері "ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2023!" халықаралық конкурсында ІІІ орын иеленді!
Жаңалықтар

«Психология» БББ студенттері "ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2023!" халықаралық конкурсында ІІІ орын иеленді!

2023 жылдың 2 желтоқсанында  «Астана» Халықаралық  университетінде

студенттердің  "ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2023 " халықаралық байқауы өтті. Байқауды Халықаралық «Астана» университеті ұйымдастырды.  Байқау төрт кезеңнен тұрды:

1.Негізгі пәндерден тестілеу.

2.Психодиагностикалау.

3.Түрлі медиаформатта дайындалған сұрақтар.

4. Психологиялық кейстерді шешу.

          «Тұран-Астана» университетінің студенттері  өз командасын  «Тұран психологтары» деп атап, ӘГҒЖжәнеТП кафедрасының аға оқытушысы Кұрманбаева  Жанаргүл Құрманғалиқызының жетекшілігімен қатысты.

           Біздің студенттер терең білімдерін, жан-жақты сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін ұтымды көрсете білді.

         Байқау нәтижесі бойынша ІІІ жүлделі орынды иеленді. Қатысушылар дипломдар және сертификаттармен, жетекші алғыс хатпен марапатталды.

 

        Біздің "Психология" БББ студенттері мен ПОҚ  құттықтай отырып, алдағы уақытта бұдан да биік жетістіктерді  бағындыруға тілектеспіз!

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр