Психологиядан Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы
Жаңалықтар
Университет

Психологиядан Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы

      19-22 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қаз Ұлттық университеті  базасында психология мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада өтті. Финалға Қазақстанның 11 жоғары оқу орнынан 32 студент қатысты.

      Олимпиадаға қатысушылар өздерінің психологиядағы практикалық дағдыларын,  топта жұмыс істеу бірлігін көрсете алды, психология мамандығын барлық қырынан көрсете отырып, шығармашылық қабілеттерінің  ерекшелігімен дараланды.

        Олимпиада қорытындысы бойынша 2-ші жүлделі орынды "Тұран-Астана" университетінің 3 курс студенті Молдабаев Бекзат иеленді. Бекзат олимпиаданың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, 2- ші орынды  қанжығасына ілді,  басқа орындарды  әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және  Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы командалары иеленді.

        Олимпиадаға "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы Жолшыбекова Роза Ордабековна Бекзатты дайындады! Роза Ордабекқызы мен Бекзат, Сіздерді лайықты марапатпен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр