Реконструкциялық жұмыстардың аяқталуының сәтті қорытындысы - «Cup o'29» кофеханасының ашылуы
Жаңалықтар
Разное

Реконструкциялық жұмыстардың аяқталуының сәтті қорытындысы - «Cup o'29» кофеханасының ашылуы

Достар, С корпусының 1-ші қабатында реконструкция жұмыстары аяқталып, бұрынғы сұлулық академисяның орнына жуырда «Cup o'29» атты кофеханасы ашылды.

Cup o'29, ағылшын тілінен аударғанда,  (cup of 29 деген ұғымнан қысқартылған), 29 - Дүкенұлы, 29 көшесінің белгілеуі, cup o' - cup of (№29-шы үйдің айшанағы).

Ашуылу, әлбетте, сәтті болып университетімізде жаңа демделген кофе мен тәтті тағамдарды татып көретін орын пайда болды. Жаңа орынның ашылу суреттерімен бөлісіп, жайлы кофеханамызға кіріп шығуыңызға кеңес береміз.

Латте, эспрессо, капучино, американо – жаңа тартылған кофе, шай, тәтті нан өнімдері, жайлы орын – қыстыгүні осыдан артық не болсын? Ал осындай бір шыны-аяқ ғанибеттің бағасы – не бары 250 теңге.
Әзірше кофехана жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жоғарыда айтылғандай, бұрын осы жерде сұлулық салоны орналасқан. Негізгі мақсаты – бизнес-инкубатор жобаларының шеңберінде студенттік кәсіпкерліктің іске асырылуына жағдай жасау. Студенттер осында арнайы білім алып сұлулық саласындағы дағдыларды үйреніп жүрді.

 

    

Университеттің командасымен осы үй-жайдың реконструкицясы бойынша үлкен жұмыс атқарылды: еден толығымен тегістеліп, бөлмеаралық қабырғалар жиыстырылып, периметрлік қабырғалар тегістелінді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – үй-жайды жандандыру, кеңістікті көрінімді кеңейту, жайлы жағдай жасау. Егер 2-ші суретке қарасақ, кофехананың 2 аймақтан тұратынына көз жеткізуге болады: 1 аймақ – жұмсақ (классикалық) аймақ, ал екіншісі – айнамен қоршалған, қарқындылық екпіні бар және жарқын бөлшек-құралдармен жабдықталған аймақ.

Cup o'29  кофеханасында ерекше қажеттіліктерге мұқтаж адамдар үшін жағдай жасалынған – сырғыма баспалдақта минималды бұрыш қарастырылған, керек жабдықтармен кқамтамассыз етілген санитарлық торап бар. Безендіру жұмыстары барысында экологиялық-таза құрылыс материалдары қолданылды.

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы