Ресей, Қазақстан, Грекия және Өзбекстан серіктес жоғары оқу орындарының арасында өткен Халықаралық бастапқы семинар
Жаңалықтар
Кафедра "Социально-гуманитарные и языковые дисциплины"

Ресей, Қазақстан, Грекия және Өзбекстан серіктес жоғары оқу орындарының арасында өткен Халықаралық бастапқы семинар

2020 жылдың 2 қарашасында сағат 14.30-де Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Ресей, Қазақстан, Грекия және Өзбекстан серіктес жоғары оқу орындарының өкілдеріне "Зияткерлік және шығармашылық байқауларға дайындық кезінде білім алушыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау" атты халықаралық бастапқы семинар өтті.

Қазақстаннан семинарға 27 жоғары оқу орны мен 20 мектептің өкілдері қатысты. "Тұран-Астана" университеті атынан "ӘГжТП" кафедрасының доценті Т.Д.Абжаков болды.

Семинардың мақсаты: жоғары оқу орындарының орыс тілі оқытушыларын және мектептердің орыс тілі мұғалімдерін "Орыс тілі мен мәдениеті: шекараны жою" жобасын іске асыру форматымен, шығармашылық және зияткерлік конкурстар мен біліктілікті арттыру курстарын өткізу бағдарламасымен таныстыру.

Бұл туралы жоба жетекшісі Ирина Юрьевна Безукладова, шығармашылық байқаулар мен біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастырушылары  айтты. Жобаны іске асыру әріптес жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беруді ұйымдастыру, біліктілікті арттыру, "Тақырыптық мектептер" шеңберінде Г.Р.Державин атындағы ТМУ базасындағыдай  серіктес жоғары оқу орындарының базаларында да кездесулер өткізу бойынша одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді. Шығармашылық байқаулар мен орыс тілінен олимпиаданың нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталады, ал БЖ курсының тыңдаушылары РФ мемлекеттік үлгідегі куәліктерінің дипломдарын алады.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы