Т. О. Әубәкіровтің атаулы стипендиясы
Жаңалықтар
Университет

Т. О. Әубәкіровтің атаулы стипендиясы

«Тұран-Астана» университеті студенттерді ынталандыру және көтермелеу мақсатында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ғарышкер-зерттеуші, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің атаулы стипендиясы бағдарламасын іске асырады. Стипендия оқытуда, ғылыми-зерттеу жұмысында, спортта, шығармашылықта айтарлықтай жетістіктерге жеткен 2 және 3 курс білім алушыларына тағайындалады.
Өтініштерді жыл сайын қабылдау 20 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы ұсыныс (1 Б. артық емес);
2. қосымшаға сәйкес көлемі 1 баспа беттен аспайтын қатысушының сауалнамасы;
3. жеке куәліктің көшірмесі, сынақ кітапшасының көшірмесі;
4. келесі құжаттардан тұратын қатысушының портфолиосы:
Эссе: «Егер мен Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ғарышкер-зерттеуші, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Әлидің атаулы стипендиясының иегері болсам» (2 баспа беттен артық емес);
Университетте оқудың барлық кезеңі ішінде қатысушы қатысқан (қатысатын) аса маңызды іс-шаралар туралы ақпарат;
Қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының қоғамдық белсенділігі туралы ақпарат;
Қатысушының конкурстық іс-шараларға қатысуын немесе ең жоғары жетістігін құжаттайтын грамоталардың/дипломдардың/өзге де құжаттардың көшірмелері;
Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызметті жүзеге асыратын іс - шараларға қатысу туралы Фото-және бейнематериалдар (қатысушының қалауы бойынша CD/DVD-дискіде).
* Құжаттарды конкурстық комиссияға кандидат өзі береді. Электрондық пошта арқылы жіберілген материалдар қаралмайды. Беру мерзімдерін бұза отырып ұсынылған құжаттар қаралмайды. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар қаралмайды және қатысушыға қайтарылады.
Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы