«Туризм» БББ студенттері тағы да жеңімпаздар!
Жаңалықтар
Кафедра "Дизайн, сервис и туризм"

«Туризм» БББ студенттері тағы да жеңімпаздар!

2023 жылдың 10 қазаны мен 5 қарашасы аралығында Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша 1-4 курс студенттері арасында ІІ Республикалық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушысы Қазақстан-Американдық еркін университеті (Өскемен қ.) болды. Олимпиада екі кезеңде өтті: бірінші кезең – ұжымның өтінімі мен ғылыми мақала беру, екінші кезең – туристік маршруттың жобасын әзірлеу.

«Тұран-Астана» университетінен олимпиадаға «Қыран» (құрамы: Білісова Т., Қуанышева А., Қырықпай Г., ғылыми жетекшісі – «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының аға оқытушылары Галиакбаров Е.Э., Байзакова А.С.) және «Саммит» (құрамы: Валиев А., Күмісбеков А., Савельев Д., ғылыми жетекшісі «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Галиакбаров Е.Е.) командалары қатысты. 

Командалар мақаланы дайындауда өздерінің теориялық білімдері мен академиялық дағдыларынын, сондай-ақ туристік маршрут жобасын жасауда тәжірибелік дағдыларынын жоғары денгейін көрсетті. Нәтижесінде олимпиада қорытындысы бойынша командалар ІІ («Қыран» командасы) және ІІІ («Саммит» командасы) жүлделі орындарға ие болды. Әр қатысушыға қатысушы дипломы табыс етілсе, ғылыми жетекшілер алғыс хатпен марапатталды.

Топ мүшелерін және ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз, алдағы уақытта табыстар тілейміз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр