«Туризм» мамандығының студенті Сатова Аружан Семейде өткен жастар арасында самбодан ел чемпионатына қатысып, 2-орынды жеңіп алды
Жаңалықтар
Кафедра "Дизайн, сервис и туризм"

«Туризм» мамандығының студенті Сатова Аружан Семейде өткен жастар арасында самбодан ел чемпионатына қатысып, 2-орынды жеңіп алды

Семейде самбодан ел чемпионаты жастар арасында аяқталды. Жас самбистерді біріктірген жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында өтіп, үш күнге созылды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық аймақтарынан келген 400-ге жуық ұл мен 100 қыз сегіз салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыс барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, көрерменсіз, балуандардың қатысуымен өткенін ескеріңіз.

Биыл Азия және Әлем чемпионаттарын, ал қыркүйек айында Қазан қаласында жасөспірімдер ойындарын өткізу жоспарланған. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша ең жақсы самбистер таңдалды, олардың ішінде біздің студент те бар. «Туризм» мамандығының Т-19-2 тобынан Сатова Аружан астанамыздың атынан қатысып, 2-орынды жеңіп алды, сол арқылы алдағы жарыстарда Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайды.

Жастар командасы осы жарыста жеңіске жеткен самбистерден құрылады. Олар алдағы уақытта өтетін халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын болады.

Аружанды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік тілейміз!!!

 

 

"Дизайн, сервис, туризм" кафедрасы

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр