«Тұран-Астана» университеті мен Қытай Халық Республикасының университеттері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды
Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университеті мен Қытай Халық Республикасының университеттері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

5 қыркүйекте "Тұран-Астана" университеті ҚХР-мен "Көлік инфрақұрылымын салу саласындағы мамандарды дайындау бойынша Қытай және Орталық Азияның бес елінің Одағына" кіру туралы келісімге қол қойды (China-central asiantalenttrainingallianceinthefieldoftransportationinfrastructure).

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары: "Жібек жолы рухын", бейбіт ынтымақтастықты, өзара оқытудың ашықтығы мен инклюзивтілігін ілгерілету, мамандарды даярлау саласында платформа құру және ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәдени алмасу және т. б. болып табылады.

Тараптар теңдік пен өзара мүдде негізінде көлік инфрақұрылымын салу саласындағы жас мамандардың өсуіне ықпал етеді, елдер арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтады.

Сондай-ақ, "Тұран-Астана" университеті Қытай Халық Республикасының екі ірі университетімен: солтүстік-батыс саяси ғылымдар және құқық университетімен және Чанъан университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Біздің Одақтың мүшелері болып табылатын университеттердің бай тәжірибесі мен бірегей білім беру бағдарламалары бар. Олар әлемнің әртүрлі елдерінен ең жақсы студенттерді тартады. Біздің мақсатымыз - студенттер мен оқытушылар тәжірибе, білім және ғылыми жобалармен алмасатын, ғылыми тағылымдамадан өтетін, бірлескен ғылыми және мәдени іс-шаралар өткізетін платформа құру. Одақ студенттерді, магистранттарды және докторанттарды оқытуға арналған шәкіртақылар мен гранттар ұсынады.

Университеттер арасындағы серіктестік білім беру стандарттарын жақсартуға және білім шекараларын кеңейтуге көмектеседі.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы