«Тұран-Астана» университеті ресми түрде Cisco желілік академиясының серіктесі мәртебесін алды
Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университеті ресми түрде Cisco желілік академиясының серіктесі мәртебесін алды

«Тұран-Астана» университеті ресми түрде Cisco желілік академиясының серіктесі мәртебесін алды. Университетіміз бен студенттеріміз үшін  бұл - тамаша жаңалық.

Университетіміз үшін Cisco Желілік Академиясының серіктесі болу, ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы білім алуға арналған заманауи жабдықтар мен бағдарламаларға қолжетімді болу мүмкіндігін береді. Университетімізді Cisco тарапынан құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, студенттеріміздің қазіргі заманауи индустрияның талаптарына сәйкес келетін желілік жабдықтармен жұмыс жасауына, тәжірибелік дағды қалыптастыруына және іс-тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Осы мүмкіндік студенттердің  еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ  IT және киберқауіпсіздік саласында кәсіби мансапты жалғастыруларына мүмкіндік береді. «Тұран-Астана» университетін осы  жетістігімен құттықтай отырып, Cisco компаниясымен бірге ақпараттық технология және киберқауіпсіздік бағдарламасын дамытуда сәттілік тілейміз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр