«Тұран-Астана» университеті тағы да көш бастады
Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университеті тағы да көш бастады

«Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және денсаулық сақтау қоры жастардың білім мен ғылымдағы үздік жетістіктерін анықтау мақсатында «ТМД елдерінің үздік студенті-2023» байқауының қорытындысын шығарды. Байқау қорытындысы бойынша «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері Бағланқызы Әнел, Болысова Ұлжалғас, Сарсенова Аяжан, Ұытбай Рахат, Домалақова Дана, Нұрмағанбетова Камиля, Асқанқызы Еңлік, Сағымжан Аружан «Өнер» бағыты бойынша «ТМД-ның үздік студенті 2022» төс белгісімен марапатталды. Жетекшісі «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Қалмен С.М.

Астанада Мәдениет және спорт министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің қатысуымен студенттерді марапаттау рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «ТМД-ның үздік студенті-2023» байқауы – жоғары оқудағы жетістіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және университет қауымдастығына қосқан үлесін бағалайтын жоғары бәсекеге қабілетті шара.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр