«Тұран-Астана» университетінде «Like a GOD» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.
Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университетінде «Like a GOD» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.

                Бүгін, 2023 жылдың 6 ақпанында университет қабырғасында «Дизайн, 
сервис және туризм» кафедрасымен «Дизайн» білім беру бағдарламасы           
бойынша студенттердің шығармашылық жұмыстарының оқу көрмесі 
ұйымдастырылып, өткізілді. 
             Көрме келесі мақсаттарды көздеді:
             - «Тұран-Астана» университетінде «Дизайн» мамандығын танымал ету;
             - арнайы пәндер бойынша 2022-23 оқу жылының 1 
жартыжылдығынын нәтижесі бойынша студенттердің шығармашылық 
жұмыстарының шолуын ұсыну;
            - эстетикалық сезімталдыққа тәрбиелеу, өз шығармаларына 
интроспекция бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;
            - студенттердің кәсіби іс-әрекетінің нәтижелерін ілгерілетумен 
байланысты жұмысқа деген қызығушылығын дамыту.
            Айта кету керек, «Тұран-Астана» университеті студенттердің 
шығармашылық бастамаларын әрдайым қолдап, олардың еңбек нарығында 
табысты маман ретінде көтерілуіне барлық жағдайды жасауда. Студенттердің 
жұмыстары көрмеге келушілерден оң пікірлер алды. Бірқатар келушілер 
Диз-19-2 тобының студенті Фанил Якуповтың төл туындыларына 
қызығушылық танытты.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр