"Тұран-Астана" Университетіндегі Ашық Есік Күндері
Жаңалықтар
Активности

"Тұран-Астана" Университетіндегі Ашық Есік Күндері

2023 жылғы 15 қарашада  «Тұран-Астана» университетінде Астана қаласының мектептері мен колледждерінің түлектеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. 

Біздің іс-шараға елордалық 15 мектеп пен 2 колледжден 450-дей болашақ түлек қатысты. Бағдарламада: «Тұран-Астана»университеті туралы басты ақпараттар мен білім беру бағдарламалары, зияткерлік ойындар, лотерея ұтыс ойыны, концерт, сондай-ақ әрбір түлек таңдаған мамандығына қарай кафедраға барып, болашақ мамандығымен таныса алатын мүмкіндіктер болды.

Ақпараттық технологиялар кафедрасы математикалық есептерді шешу мен квест-ойын өткізді, информатика және бағдарламалау бойынша білімдерін тексеру арқылы өткен IT зертханалармен таныстырды. 

Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасы сот залында сот процесінің шоу-көрсетілімін өткізді және қылмыстық зертхана мен таныстырды. Психолог болғысы келетіндер психологиялық тренингке шақырылды, ал дизайн кафедрасы өнер сүйер қауым үшін шығармашылық және сурет салу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Зияткерлік дағдыларды «Бизнес әкімшілік»кафедрасы шағын жүлделермен тексерді. 

Түлектер болашақ мамандықтар туралы пайдалы,әрі қажетті ақпарат алып, университеттің зертханаларымен танысты, концерттік бағдарлама тамашалап,байқауларда өздерінің зияткерлік дағдылары мен белсенділіктерін, таланттарын көрсетіп көптеген сыйлықтарға ие болды. Таныстырылым шарасы көңілдерінен шыққаны көңіл күйлерінен көрініп тұрды. Алда да мұндай шаралар жалғасын табады.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр