"ТҰРАН-АСТАНА" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПІҚІРСАЙЫСШЫЛАРЫ ҚАРАҒАНДЫДА ҚЫЗЫҚТЫ ПІКІРСАЙЫС КӨРСЕТТІ
Жаңалықтар
Университет

"ТҰРАН-АСТАНА" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПІҚІРСАЙЫСШЫЛАРЫ ҚАРАҒАНДЫДА ҚЫЗЫҚТЫ ПІКІРСАЙЫС КӨРСЕТТІ

      Ағымдағы жылдың 1-2 сәуірінде Қарағанды қаласында Академик Е. А. 
Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының кубогына Республикалық дебаттық 
турнир өтті. Республикалық пікірсайыс турнирінде Қазақстанның барлық 
өңірлерінен үздік 32 команда қатысты. Қазақстанның астанасы – Астана 
қаласының намысын "Тұран-Астана" университетінен Жұмасейт Мадина мен 
Райсова Диана құрамындағы "TAU A" командасы қорғады. Пікірсайыс 
Британдық парламенттік форматтағы ережелер бойынша мемлекеттік тілде 
өтті. "TAU A " командасы іріктеу кезеңдерінде өте жақсы пікірсайыс көрсетіп, 
қазылар алқасының шешімімен республикалық пікірсайыс турнирінің плей-
офф кезеңіне өтті. 
      "Tau A" командасын Қарағандыға ертіп, құнды кеңестер мен нұсқаулар 
берген, "Тұран-Астана" университетінің "Speaker" дебат клубының төрағасы, 
Қазақстанның атақты дебатшысы – Каликов Рустам Қуаншбайұлы.
       Республикалық пікірсайыс турнирінде жақсы өнер көрсеткені үшін "TAU 
A" командасы Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Басқарма Төрағасы – 
ректоры – Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтың атынан Алғыс хатпен 
марапатталды.
      "Тұран-Астана" университетінің ректоры – профессор Жапарова Гүлжамал
Әлкенқызы біздің университет қабырғасында пікірсайыс қозғалысын 
дамытуға көп көңіл бөлетінін атап өту керек.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр