“Тұран-Астана” университетінің түлегі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы ҚР Туризм және спорт министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар
Университет

“Тұран-Астана” университетінің түлегі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы ҚР Туризм және спорт министрі болып тағайындалды

"Тұран-Астана" университетінің түлегі Маржықпаев Ермек Боранбайұлын  Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалуымен құттықтаймыз. Ермек Боранбайұлы университетті 2001 жылы "Юриспруденция" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек еткен жылдары Ақмола облысы  Көкшетау қаласының және Ақмола облысы Аршалы және Зеренді аудандарының әкімі болып қызмет атқарды.

Ермек Боранбайұлының айрықша құзыреттілігі мен басқару тәжірибесі, стратегиялық көзқарасы мен энергиясы еліміздің туризм және спорт саласының алдында тұрған барлық міндеттерді табысты іске асыруға көмектеседі деп үміттенеміз.

"Тұран-Астана" университеті өз түлектерінің жетістіктерімен әрдайым мақтанады! Ермек Боранбайұлына жаңа салада алға қойған жоспарлары мен  жобаларын табысты іске асыруда  сәттілік тілейміз! 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы