«Тұран-Астана» университетінің "Ұрпақтар сабақтастығы" командасы құрметті 2 орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Прокуроры Өтеген Сейітовтің 100
жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған «Сейітов ізбасары» республикалық байқауының
қорытындысы шығарылды.
"Тұран-Астана" университетінің "Ұрпақтар сабақтастығы" командасы ұлттық және
халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы А.Ф. Ягмусованың ғылыми жетекшілігімен
конкурс қорытындысы бойынша құрметті 2 орынға ие болды.
Бас жүлде – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Шам» командасы;
1 орын – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Natus Vinsera»командасы;
3 орын – Астана Халықаралық университетінің «Жеті жарғы» командасы.
Байқауға еліміздің жоғары оқу орындары –«Тұран-Астана» университеті, Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы студенттері мен
тыңдаушыларының құрама командалары қатысты.
Қатысушылар атақты прокурордың өмірбаяны мен кәсіби қызметін білуде бақ сынасты.
Соңында мерейтой иесіне арналған кітаптар мен БАҚ басылымдарының материалдары
бойынша экрандалған қойылым қойылды.