Университет қабырғасында «Тұран-Астана» университетінің 25 жылдығына арналған «ҚР Қылмыстық сот ісін жүргізудегі адам мен азаматтың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Тұран-Астана» университетінде гуманитарлық-заң мектебі
базасында «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасы «Тұран-
Астана» университетінің 25 жылдығына арналған «ҚР Қылмыстық сот
ісін жүргізудегі адам мен азаматтың құқықтары мен негізгі
бостандықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазіргі кезеңде ҚР Қылмыстық сот ісін
жүргізуде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
қорғаудың негізгі мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысы "Тұран-Астана" университетінің ректоры,
экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжамал Әлкенқызы
Жапарованың құттықтау сөздерінен басталды, жұмыс барысында
Қазақстанның заң элитасының көрнекті өкілдерінің баяндамалары
тыңдалды:
1. Борчашвили Исидор Шамилович, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, заң ғылымдарының докторы, Астана Халықаралық
университетінің Жоғары құқық мектебінің профессоры -
«Конституциялық нормаларды қылмыстық заңнамаға енгізу»;
2. Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы, заң ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық
тәртіп бөлімінің сектор меңгерушісі - «Полиция қызметіндегі азаптауға
қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық мәселелері»;
3. Сқақов Айдарқан Байдекұлы, заң ғылымдарының докторы,
Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының Қылмыстық
құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының
профессоры - «Қазақстанның қылмыстық саясатын дамытудың негізгі
бағыттары туралы»;
4. Ахпанов Арыстан Нүкешұлы, заң ғылымдарының докторы, Л.Н.
Гумилев ЕҰУ қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры -
«Қылмыстық процесс және конституционализм»;
5. Акимжанов Талғат Құрманұлы, заң ғылымдарының докторы,
профессор, "Тұран" университетінің құқық ҒЗИ директоры - "ҚР
қылмыстық заңнамасының алдын алу функцияларын күшейту - одан әрі
демократияландыру мен ізгілендірудің маңызды шарты ретінде";
6. Лақбаев Қанат Сәметұлы, заң ғылымдарының докторы, Б.Бейсенов
атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының Жедел-іздестіру
кафедрасының профессоры - «ЖІҚ құқықтық салдары және жеке
құқықтарды қорғау»;
7. Иманбаев Серік Марденұлы, заң ғылымдарының кандидаты,
«Тұран-Астана» университеті «Ұлттық және халықаралық құқық»
кафедрасының профессоры - «Түзеу мекемелерінен өмір бойына бас
бостандығынан айыруға сотталғандарды босатуды құқықтық реттеу»;
8. Әбинов Назар Темербайұлы, Астана қаласы Адвокаттар алқасының
адвокаты - «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі алаяқтық пен кәсіпкерлік
қызметтің аражігін ажырату мәселелері»;
9. Жақыпов Жалғас Балабекұлы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы
полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы;
10. Мәлік Мәмбетұлы Қабдуалиев, Астана қаласы Полиция және көлік
департаменті анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі.
Іс-шара барысында бағдарламада белгіленген барлық мәселелер
бойынша жанды және сындарлы диалог өтті. «Дөңгелек үстел»
қорытындысы бойынша алдағы жұмыста есепке алу үшін тиісті
ұсынымдар әзірленді.