Университет ректорының Халықаралық студент күнімен құттықтауы
Жаңалықтар
Университет

Университет ректорының Халықаралық студент күнімен құттықтауы

Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Сіздерді Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Студенттік кезең әр адамның өміріндегі ең жарқын және бақытты шақ екені сөзсіз. Бұл шығармашылық белсенділік пен мақсатқа жету жолындағы тамаша мүмкіндік.  Студенттік шақта уақыттарыңызды тиімді әрі пайдалы өткізсеңіздер, болашақта мансаптық жолыңыздың жеңіл болуына жол ашасыздар.

Сіздер біз үшін алдына мақсат қоя білетін ең креативті,  талантты, бастамашыл, ойлы және шығармашыл жастарсыздар. Университет қабырғасында алатын білім сіздердің әрбір қадамдарыңызды сенімді етеді, жаңа өмірге есік ашады, кез келген мәселені шешуде табанды болуға үйретеді.

25 жылдан бері "Тұран-Астана" университеті жыл сайын экономика, құқық, ақпараттық технология, туризм, психология, аударма ісі саласында білікті маман болып шығатын жаңа студенттерге жол ашады. Біз түлектеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және олар үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін білеміз, өйткені олар университет қабырғасынан сапалы білім мен саналы тәрбие алып, өмірден өз жолдарын тауып кетіп жатыр.

Жастық жалындарыңыз жақсы болашақ құруға бағытталсын! Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар! Сіздерге денсаулық, махаббат, бақыт, сәттілік тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр