Яссауи дәуірі мен мұрасы кітап бетінде жаңғыртылды
Қожа Ахмет Яссауи - қазақ халқының дүниетанымын қалыптастыруда
маңызды рөл атқарған бірегей тұлға. Оның аскетизмі мен даналығының
арқасында ислам ата-бабаларымыздың ең маңызды рухани тірегіне
айналды. Ұлы сопы бүкіл мұсылман әлемінің интеллектуалды ойының,
ғылымының, мәдениетінің қазынасын сіңіріп, оларды басқа
өркениеттердің ең жақсы жетістіктерімен синтездеу арқылы қазіргі
өркениеттік парадигмаға үлкен үлес қосты.
Қ.Қ. Тоқаев Президент лауазымына сайланғаннан кейінгі алғашқы
сапарын Түркістанға жасап, барлық түркілер үшін қасиетті орынға құрмет
көрсетіп, Яссауи кесенесіне барғаны кездейсоқ емес.
Ортағасырлық данышпанның жеке басы қоғамда үлкен қызығушылық
тудыратыны қуантарлық жай. Осының дәлелі ретінде наурыз айының 29-
ы күні Ұлттық академиялық кітапханада "Қожа Ахмет Яссауидің
дүниетанымы" және "Духовное наследия Яссауи" кітаптарының
тұсаукесерін айтуға болады. Еңбектің авторы - философия
ғылымдарының докторы, профессор Айдар Әбуов.
Кітаптар докторлық диссертациямен жұмыс барысында басталған
көпжылдық жұмыстың нәтижесі еді. Ғалым басылымның мазмұнын
байыта отырып, зерттеулерін жалғастырып, тереңдете түсті.
Бұл еңбек пәнаралық сипатқа ие. Яссауи химкеттерінің мағынасын білу
үшін көптеген ғалымдар – философтар, теологтар мен дінтанушылар,
мәдениеттанушылар, тарихшылар, филологтар жұмыс істейді. Профессор
А. Әбуовтың кітабы - бар білімнің өзіндік синтезі, оларды философиялық
тұрғыдан қайта қарау болып табылады.
Кітаптардың қазақ және орыс тілдерінде қатар шыққаны маңызды, бұл
жай ғана аудармалар емес, өзіндік ерекшелігі бар жеке дербес еңбектер.
Айдар Паркуловичті айтулы оқиғамен «Тұран-Астана» университетінің
профессор-оқытушылары атынан құттықтаймыз. Бұл кітаптар тек
студенттерге ғана емес, сонымен қатар біздің тарихымыз бен рухани
өмірімізге қызығушылық танытатын көптеген оқырманға қажет екеніне
сенімдіміз.