"Есірткі туралы Миф және шындық" тақырыбында тренинг-семинар
Жаңалықтар
Разное

"Есірткі туралы Миф және шындық" тақырыбында тренинг-семинар

2019 жылы 30 қыркүйекте "Педагогика және психология" кафедрасы "Есірткі туралы Миф және шындық" тақырыбында тренинг-семинар ұйымдастырды. Студенттер алдында "Amanat Komek" қоғамдық қорының өкілі - химиялық және ойын тәуелділіктері бойынша сарапшы - кеңесші Тұрсынбеков Нұрлыбек Пархатович сөз сөйледі. 

Тренинг-семинардың мақсаты нашақорлықтың алдын алу, студенттерге психобелсенді заттарға тәуелділік пен оның салдарын ұғынуға көмектесу болып табылады.

Тренинг-семинардың міндеттері:

1. Студенттердің санасында денсаулық – маңызды әлеуметтік құндылық екенін түсіну, ол өмір бойы қалыптасады.

2. Студенттерді адам денсаулығына есірткінің зияны туралы біліммен қаруландыру.

3. Студенттердің тек салауатты өмір салтын қабылдауына тұрақты көзқарас қалыптастыру.

Қазіргі әлемде нашақорлық ең ауыр әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады. Шын мәнінде, ол адамзатқа жаһандық теріс сын-қатерлердің бірі болды.

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) "2017 жылғы Есірткі туралы Дүниежүзілік баяндамасының" деректеріне сәйкес есірткінің таралу динамикасы бүкіл әлем бойынша бұрынғы деңгейде қалып отыр.

Шамамен есептеу бойынша 2017 жылы тыйым салынған есірткіні пайдаланған адамдардың жалпы саны 15-64 жастағы адамдардың 5% - дан астамы бүкіл әлем бойынша 246 миллионды құрады. 27 миллионға жуық адам проблемалы нашақорлар болып табылады,олардың жартысы инъекциялық есірткі қолданады.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы