Жасанды интеллект оқу-ғылыми зертханасына қош келдіңіз!
Жаңалықтар
Университет

Жасанды интеллект оқу-ғылыми зертханасына қош келдіңіз!

 

Бүгін «Тұран-Астана» университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының жанынан құрылған жасанды интеллект оқу-ғылыми зертханасының салтанатты ашылуы өтті.

Біздің басты мақсатымыз – жасанды интеллект саласындағы сұранысқа ие маман болуға көмектесетін бірегей оқу тәжірибесін құру. Біздің оқу-ғылыми зертханамыздың негізінде өз мүмкіндіктер іңізді ойдағыдай кеңейтіп, оң нәтижелерге қол жеткізе алатыныңызға сенімдіміз. Біздің компьютерлік жабдықтың көмегі мен ақпараттық технологиялар бакалаврлары мен магистрлері жасанды интеллект саласындағы білімдерін тереңдетіп, алған білімін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігі бар. Сіз интеллектуалды алгоритмдерді жобалау мен оңтайландыру, үлкен көлемдегі деректерді басқару, сондай-ақ машиналық оқыту жүйелерін құру және барлық ақпараттық бағдарламаларды терең зерттеуді үйрене аласыз.

Біздің университет студенттері инновациялық тәсілді көрсететін және жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің маңыздылығын айқындайтын edu Chuck (жасанды интеллект негізіндегі өзін-өзі оқыту кешені) мобильді қосымшасының жобасын ұсынды.

Оқу-ғылыми орталықтың ашылуына университет ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова қатысып, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық идеяларды іске асыруда үлкентабыс тіледі.

Біз әрбір студент өзінің әлеуетін ашып, IT маманыретінде дами алатын ынталандырушы және креативті атмосфераны құруға тырысамыз. Бізге қосылыңыз және бүгін қалыптасып жатқан инновациялық қауымдастықтың бір мүшесі болыңыз!

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр