Жастар ортасындағы отаншылдық. Нұр-Сұлтан қ. ЖОО-ның қоғамдық және жастар ұйымдарының қатысуымен дөңгелек үстел
Пікірсайысқа Л. Гумилев атындағы ЕНУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ университеттерінің қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
ТАУ университетінің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректоры Нурпеисов С.Е. қонақтар мен студенттерге сәлемдеме сөздерін жолдады. Ол кісі университеттегі жүргізіліп жатқан отаншылдық және азаматтық тәрбиелеу жұмыстары жайлы айтты.
Дөңгелек үстел барысында назар аударылатын сұрақтар арасында қазіргі заманғы жастардың құндылықтарына қатысты мәселелер талқылынды. Іс шара ой өзегі болып, жалған және ақиқат отыншылдықтың проблемасы талқыланды.
Ыстық пікірталас пен талқылауға бөлінген екі сағат байқатпай өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары осы іс-шараны тәжірибелік алмасу мен тілдесудің шынайы алаңы деп таныды. Барлықтары адам бойындағы отансүйгіштікті дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеу маңыздылығын атап айтты. Шынайы отаншылдықтың үлгісі ретінде адам тірлігі, отбасыдағы жақындарыңа, университетте, өз қалаң мен еліңдегі отандастарыңа деген ықылас болу керек.
Үздік спикерлер сертификаттармен марапатталды.