"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" кейс-чемпионатында Назарбаев Университеті "Тұран-Астана" университетінің командасы 3-ші орынды иеленді.
Жаңалықтар
Университет

"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" кейс-чемпионатында Назарбаев Университеті "Тұран-Астана" университетінің командасы 3-ші орынды иеленді.

13.03.2023 жылы «Тұран-Астана» университетінің ұлттық және халықаралық құқық 
кафедрасының 4 курс студенттері: Зейноллаева Айдана, Қанатқызы Мадина, 
Барлыбаева Гүлден Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің 
қолдауымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» кейс-чемпионатында 3-ші орын
 иеленді, 1 және 2 орындарды Назарбаев университетінің командалары 
иеленді.Байқауға елорданың 6 түрлі жоғары оқу орындарынан барлығы 13 команда 
қатысты. 

Аталған іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді 
шешудің инновациялық әдістерін ұсыну. Іс-шара сонымен қатар сарапшылардың 
қатысуымен модераторлық- пленарлық сессияны қамтыды. Іс-шара ЖОО студенттері 
үшін біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлық проблемаларына өз көзқарасын 
көрсетуге және тиісті шешім жолдарын ұсынуға құнды мүмкіндік болып қана қоймай, 
сонымен қатар үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне жастармен 
байланыс орнатуға мүмкіндік берді

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр