"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10506 тіркелді.
"ЖОО үздік оқытушысы - 2023" байқауы
2023 жылдың 10-20 қазан аралығында "Тұран-Астана" университетінде "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"республикалық конкурсының бірінші университет ішілік кезеңі өтеді.
Байқауға қатысу ережелерін мына сілтеме бойынша көреаласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506
Өтінімдер: https://universitycontest2022.iac.kz/ сайтында беріледі
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына мынадай талаптарға сайкелетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;
2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар;
3) Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
Университеттің штаттық оқытушыларының ішінен І кезеңге үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО Үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Өтінімдерді беру сұрақтары бойынша «Тұран-Астана» университетінің Ғылым және білім департаментіне хабарласыңыз.
Астана қ., Ы. Дүкенұлы көшесі, 29
В корпусы, 216 каб.
"ЖОО үздікоқытушысы - 2023" байқауы