Өмірге әнмен!
Жаңалықтар
Разное

Өмірге әнмен!

«Тұран-Астана» университетінде «Елорда» халық ардагерлер хорының шығармашылық концерті өтті.

Ардагерлер хоры 14 жыл бұрын құрылған. Хорды ұжымға жаны ашитын адам Дүйсенова Үміт Әлібекқызы басқарады. Осы жылдар ішінде хор жинаған әндердің багажы үнемі толықтырылып отырады. Ардагерлер хоры белсенді қоғамдық өмір де жүргізеді: олар патриоттық тәрбие беру мақсатында жастармен, балалармен кездеседі, елорданың түрлі алаңдарында концерттермен өнер көрсетеді. Қатысушылардың осындай елеулі жасына қарамастан - бұл өте мобильді ұжым.

 

 

 

 

 

 

Халық хоры жұмыс істеген уақытта ұжым бірнеше рет грамоталармен, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Халық ардагерлер хорының қатысуымен өтетін концерттерге әр жастағы көрермендер қуана келеді. Хорға қатысушылар Қазақстан, достық туралы ескі және жаңа әндерді, соғыс жылдарындағы әндерді ерекше пафоспен орындайды. Бұл тамаша әндер жастарды өз Отанын, оның тарихын сүюге және есте сақтауға шақырады. Және өскелең ұрпақтың санасында жарқын із қалдыратыны сөзсіз.

«Тұран-Астана» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері концерттен зор құнарлы нәтиже алып, шығармашылық ұжымға көрермен ретінде жоғары баға берді.

Қазір хор әндері бірнеше ұрпақтың рухани қазынасы болып табылады және бұл олардың жұмысының ең үлкен байлығы.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы