-
«Тұран-Астана» университеті Еуразиялық туристік қауымдастықтың мүшесі болды
Қауымдастық Ұлы Жібек жолының туристік бағытын бірлесіп дамыту үшін Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің туристік индустриясына қатысушылардың күш-жігерін біріктіру мақсатында 2017 жылы құрылды. Еуразиялық туристік қауымдастық туроператорларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды, аттракциондарды, білім беру мекемелерін, авиакомпанияларды, көлік компанияларын, медициналық мекемелерді, сауда үйлерін, Қазақстан, кейінірек Орталық Азия елдерін біріктіруге бағытталған.
-
«Nur Otan» партиясының мүшесі, өткен жылдың «Жас депутат» атағының иегері Геннадий Шиповских жастармен бір толқында: «Тиктокта ғана емес, қалғанының барлығында бармын»
Бүгін TAU университетінің студенттері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мырзамен кездесті. Жастардың көзімен депутаттың «стеоротипі» қандай екендігі туралы сөз қозғап, талқыладық. Кез келген адамның балалық арманы болатыны секілді, ел ағасының арманы ұшқыш болу екен. Ал депутаттық қызметке келгендегі мақсаты, болашақ арманы - халық игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасау. Келешекке өзінің қадамын нық басқан өскелең ұрпақ үшін, олардың дамып, жеке көзқарастары қалыптасуы үшін өзінің оқып, ұнатқан, тәрбиелік мәні зор кітаптар мен фильмдерді ұсынды.
-
Капсалямов Қайрат Жақсылықұлы ТАУ университетінің үздік оқытушысы болып таңдалды
-
Педагогика және психология білім беру бағдарламасы аясында жоғары білім алу процесінде босаған білім беру грантына конкурс өткізіледі
Тұран-Астана университетінің ақылы негізде оқитын магистранттары үшін Педагогика және психология білім беру бағдарламасы аясында жоғары білім алу процесінде босаған білім беру грантына конкурс өткізіледі.
-
Информация для студентов Университета «Туран-Астана»
В университете «Туран-Астана» принято решение о том, чтобы проводить семинарские, практические, лабораторные занятия и лекции (кроме поточных) у студентов 1-ого курса всех образовательных программ в традиционном формате (то есть в зданиях университета) со строгим соблюдением санитарно-эпидемиологических норм, в том числе масочного режима.