"Тұран-Астана* университетінде Наурыз мерекесі.
Жаңалықтар
Разное

"Тұран-Астана* университетінде Наурыз мерекесі.

Университеттің акт залында Наурыз мерекесіне арналған музыкалық-театрландырылған қойылым өтті.


Таныстыру барысында қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді. Іс-шара қонақтарының назарына этноауыл,  киіз үй жабдықтары, сахналық қойылым  мен бай дастархан ұсынылды, бұл мерекенің толық көрінісі үшін маңызды.

 

 


Іс-шараның ашылуы ерекше  болды. Түрлі-түсті ұлттық киімде студенттер "Қамажай" халық биін орындап, "Шашу"рәсімін өткізді. Есте қаларлығы шығармашылық ұжымдардың орындаулары болды: би, ән, қобызда ойнау, хормен ән айту, авторлық әндерді орындау. Сонымен қатар студенттер наурыз мерекесіне арналған комедиялық көрініс ұсынды, студенттер ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық сайыстар өткізді.

 


Іс-шара керемет өтті, шынымен жарқын және есте қаларлық болды. Барлық қатысушылар жағымды эмоцияларға ие болды. Мереке бірлескен дайындық ұжымды жақындастырып, нығайтатынын, жастарды халық дәстүрлерін тереңірек білуге және құрметтеуге, өткеннің ұлы мұрасына ұқыпты қарауға, бейбітшілік пен махаббатты сақтауға, табиғат пен өмір сыйлаған құндылықтамен жомарттықпен бөлісуге және Отан мен оның дәстүрлері бәрінен жоғары екенін әрдайым есте сақтауға тәрбиелейтінін тағы да көрсетті.


Іс-шараны гуманитарлық-заң факультеті ұйымдастырды.

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр