Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамыту факторы ретінде агроқұрылымдар қызметін жандандыру
Жаңалықтар
Университет

Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамыту факторы ретінде агроқұрылымдар қызметін жандандыру

Докторанттардың ғылыми тағылымдамасының қорытындысы бойынша «Бизнес-әкімшілендіру» кафедрасы «Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамыту факторы ретінде агроқұрылымдар қызметін жандандыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

М. Рыскулбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінде (Бішкек қ., Қырғызстан) ғылыми тағылымдаманы аяқтағаннан кейін «Туран-Астана» университетінің «Бизнес-әкімшілендіру» кафедрасының докторанттары – Тлеулин Чингиз бен Ткачева Анастасия Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамытуда маңызды фактор болып табылатын агроқұрылымдар қызметін жандандыру тақырыбына арналған дөңгелек үстелде есеп берді.

Дөңгелек үстел барысында докторанттардың ғылыми зерттеу нәтижелері ұсынылып, ауылдық жерлердегі экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында агроқұрылымдардың жұмысын жақсарту жолдары талқыланды. Ғылыми кеңесші ретінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Сапарова Г.К. сөз сөйлеп, Қазақстанда ауыл кәсіпкерлігін қолдау мен инфрақұрылымды жетілдіру бойынша өз сараптамалық ұсыныстарын ұсынды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы