Қазіргі білім беру психологиясының практикалық трендтері
Жаңалықтар
Кафедра "Финансы, учёт и оценка"

Қазіргі білім беру психологиясының практикалық трендтері

 

2024 жылғы 26 қарашада «Туран-Астана» университетінде профессор Серік Қырықбайұлы Жантикеевтің 65 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі білім беру психологиясының практикалық трендтері» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтті.

 

           Ғылыми-білім беру форумы білім беру психологиясы саласындағы жетекші мамандарды жинады. Университет ректоры, профессор Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова құттықтау сөз сөйледі. Профессор С.К.Жантикеевтің ғылыми және педагогикалық қызметі туралы СҒНжӘД кафедрасының доценті Н.М. Иргебаева («Ғибратты ғұмыр») баяндама жасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткерлері Д.К.Мыңбай , Е.Б.Саиров, Г.Т.Төлебаев, Ғ.Н.Шойкин мерейтой иесімен 2000 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде бірлескен қызметі туралы баяндап берді.

          Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлар П.Б.Сейітқазы, М.П.Кабакова, Р.Ш.Сабирова, М.М.Үмүркұлова, А.Ш.Танірбергенова профессор С.К.Жантикеевтің академиялық және практикалық психология мен педагогиканы дамытуға қосқан үлесін, білім беру үдерістерін жетілдірудегі рөлін атап өтті. Қырғыз Республикасы Ош мемлекеттік университетінің профессоры Э.К.Шарипова  профессор С.К.Жантикеевтің білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі туралы баяндады. Қазақстан психологтар одағының төрағасы, практикалық психолог Г.Е.Асанова, қоғамдық ұйымдардың С.К.Жантикеевтің  кәсіби-эксперттік қызметтегі серіктестігін ерекше атап өтті.

         Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына шетелдік және қазақстандық спикерлер қатысты. Олардың қатарында Ресей ғылым академиясының психология институтының директоры, академик Д.В.Ушаков, Кембридж университетінің (АҚШ) профессоры А.С.Соловейчик, Молдова Республикасының Кишинев университетінің профессоры И.И.Раку, «ТОЧКА ПСИ» білім беруді психологиялық қолдау орталығының директоры М.Р.Битянова, «Түсіну. Кешіру» телевизиялық жобасының жүргізушісі, психотерапевт Г.В.Тимошенко  болды.

      Халықаралық дөңгелек үстел аясында Тюмень мемлекеттік университетінің профессоры Е.Л.Доценко  университет студенттеріне арнайы дәрістер оқыды.

 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар білім беру психологиясындағы өзекті үрдістер мен инновациялық тәсілдерді, психологияның білім беру үдерістерін дамытудағы рөлін, сондай-ақ қазіргі заманғы трендтердің тиімді білім беру стратегияларын қалыптастыруға әсерін талқылады.

         Халықаралық дөңгелек үстел аясында пікірталастар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, қазіргі заманғы жетістіктерді талқылап, ғылыми зерттеулердің маңыздылығын атап өтіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын және білім беру тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынды.

       Халықаралық дөңгелек үстелдің модераторы, профессор З.Д. Баубекова  Резолюция жобасын таныстырды, оны ғылыми-білім беру форумы қатысушылары бірауыздан қабылдады.

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы