Қысқы мектеп
Жаңалықтар
Университет

Қысқы мектеп

         Бүгін "Тұран-Астана" университетінде қысқы ғылыми-әдістемелік 
мектептің тыңдаушыларына біліктілікті арттыру туралы сертификаттар 
салтанатты түрде табысталды. 
        Жоспарға сәйкес барлық оқу сабақтары офлайн және ZOOM 
платформасында онлайн-конференция форматында өтті.
        Қысқы мектеп шеңберінде оқытудың инновациялық әдістері, 
профессор-оқытушылық құрамның IT-құзыреттілігін арттыру, оқу процесін 
цифрлық оқу-әдістемемен қамтамасыз ету, оқыту нәтижелерін бағалау, 
инклюзивті білім беру және оқыту сапасын жетілдіруге бағытталған басқа да 
тақырыптар талқыланды.
        Қысқы ғылыми-әдістемелік мектеп шеңберінде "Тұран-Астана" университетінің оқытушылары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, бельгиялық білім беру қоғамдастығының, корейлік сыни ойлауды дамыту орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның жетекші сарапшылары, ADALDYQ Академиялық адалдық лигасының кеңсесі, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері, психологтар мен бизнес-тренерлер шеберлік сыныптарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қысқы ғылыми-әдістемелік мектептің тыңдаушыларына біліктілікті арттыру туралы сертификаттарды "Тұран-Астана" университетінің ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова табыс етті. Гүлжамал Әлкенқызы өз сөзінде адами капиталды дамыту "Тұран-Астана" университетінің аса маңызды стратегиялық міндеті екенін атап өтті.
        Алдағы уақытта жазғы ғылыми-әдістемелік мектепті маусым 
айында өткізу жоспарлануда.

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы