МЖӘ механизмдерін қолдану мүмкіндіктері
30.09.2019 ж. «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасы университеттің студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас оқытушылары үшін шақырылған сарапшының қатысуымен «Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін МЖӘ механизмдерін қолдану мүмкіндіктері» атты мастер-класс ұйымдастырды. Шақырылған мастер-класс спикері МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) жобалар бойынша сарапшы, «SmartInvest LS» ЖШС директоры Арман Ермекұлы Тлеубаев болды.
Мастер-кластың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында МЖӘ-жобаларды іске асыру саласындағы кәсіби тәжірибе мен білімді беру. Мастер-класта спикер келесі сұрақтарды талқылады:
- МЖӘ-жобалардың мәні, рөлі және маңызы;
- МЖӘ-жобаларды іске асыру кезіндегі тараптардың мүдделері;
- мемлекет тарапынан қолдау түрлері;
- Бизнестің МЖӘ-жобаларға қатысу шарттары;
- Қазақстанда МЖӘ жүзеге асыру салалары.