ТАУ университетінде қонақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі!
Жаңалықтар
Университет

ТАУ университетінде қонақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі!

          16 қазан күні сағат 11:00-де «Тұран-Астана» университетінің студенттері және №8, 14, 15 орта сынып оқушылары мен Тұран колледжінің студенттері Республика күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдерімен кездесу өткізді. Астана қаласының жастарына патриоттық тәрбие беру және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің имиджін арттыру мақсатында Республика күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды!

           Көрермендер дарынды шекарашылардың өнерін жоғары бағалады. Авторлық, шекаралық және патриоттық әндер, сондай-ақ ұлттық билер орындалды. Соңында Тұран-Астана университетінің әкімшілігі жастарды өз елінің патриоты болуға,  білім алу жолында жоғары табысқа жетуге және өз елін қорғауға  шақырды!

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы