Ақыл алаңы 2.0» интеллектуалды сайысы өтті
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Әлеуметтік ғылымдар және тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Ақыл алаңы 2.0» интеллектуалды сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлау және жеткізу қабілеттерін дамыту, сыни ойлауды қалыптастыру. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.
Аталмыш жарыс жалпы білім және қазақ тарихы мен әдебиеті, салт-дәстүріне қатысты сұрақтардан құралған 5 кезеңді қамтыды. Олар: «Жеңіл», «Аралас», «Ойла», «Таным», «Раста». Бір топта 3 адамнан 6 адамға дейін қатысты. Қатысқан командалар: «Томиристің құрбылары», «Оймаржан», «Жастар», «Білімді ұрпақ», «Жастар рухы».
Ойын нәтижесі бойынша «Томиристің құрбылары» командасы бірінші орынды иеленді. Эмоция мен тартысқа толы ойын соңы естелік суретке түсумен аяқталды.