Ресей және Қазақстан: медиаынтымақтастықтың жаңа белесі
Жаңалықтар
Кафедра "Социально-гуманитарные и языковые дисциплины"

Ресей және Қазақстан: медиаынтымақтастықтың жаңа белесі

Тұран-Астана университетінде «Журналистика» білім беру бағдарламасының ашылуы қарсаңында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен медиа-жобаларына арналған тәжірибеге бағдарланған іс-шара өтеді.

Кездесуді ұйымдастырушылар – А.М.Горчаков атындағы қоғамдық дипломатияны қолдау қоры, "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығы және "Шығыс-Батыс" халықаралық геосаяси болжау орталықтары мен Тұран-Астана университеті, ӘГҒжТП

Іс-шара серіктестікті дамытудың ашық диалог алаңына айналады.

Ресей мен Қазақстан арасындағы медиасалада тәжірибе алмасу және ақпараттық саясаттағы өзекті сын-қатерлер талқыланады. Кездесу екі елдің журналистерін, медиа сарапшыларын, талдаушыларын және академиялық қоғамдастық өкілдерін жинайды.

Күні мен уақыты: 2025 жылғы 30 сәуір, сағат 11:00 басталады.

Өткізу орны: Ыкылас Дүкенұлы көшесі, 29

 

Кездесуге шақырылған қатысушылар:

1.         Бағдатов аман Амангелдіұлы, Медиа сарапшы, dara CONSULT басшысы (Астана)

2.         Әбішев Ғазиз Серікұлы, саяси шолушы, "Turan Times" АА бас редакторы (Астана)

3.         Ворожейкина Светлана Олеговна, TOPPRESS.KZ бас редакторы

4.         Диханбаев Құрманбек, Объектив.KZ баспа редакторы

5.         Алина Имамбаева, "Кешкі Астана"АА журналисі

6.         Кирилл Потемкин, ТРК «Әлем»

7.         Панов Виктор Сергеевич, Қазақстандағы "Ресейдің бүгінгі келбеті" ХАА басшысы

8.         Чирков Михаил Владимирович, «Аргументы и факты» газетінің бас редакторының орынбасары.

9.         Чечелян Евгения Юрьевна, Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі басшысы, аға кеңесші.

10.       Абрамова Анна, КТК ТРК

11.       ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің өкілдері

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы