Қазақ өнері мен ұлттық құндылықтар жайлы тағылымды кездесу өтті
2025 жылғы 3 наурызда «Метаэпистема» орталығында еліміздің мәдениет саласындағы көрнекті өкілдері — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино саласының майталманы Жанат Чайкина және қазақ ұлттық киімінің шебері Қорлан ханым қонақта болды.
Кездесу барысында көркемөнер-эстетика білімі мен ұлттық болмысымызға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Іс-шара алдында құрметті қонақтар «Туран-Астана» университетінің студенттерімен және оқытушылар қауымымен кездесіп, шығармашылық жолдарының қиындықтары мен қызықтары туралы әсерлі әңгіме-сұхбат өткізді.
Кездесулер аясында халқымыздың ұлттық құндылықтарын қайта жаңғырту қажеттілігі мен оны жүзеге асыру жолдарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, бұл істердегі өскелең ұрпақтың рөлі мен орнының маңыздылығы баса айтылды.
"Метаэпистема" орталығында осындай тағылымдық кездесулер мен ойтолғау отырыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Орақ Жолмырзаұлы