Тұран-Астана Университетінде Камидолла Аружан студенттік омбудсмен болып сайланды
Тұран-Астана Университетінде Камидолла Аружан студенттік омбудсмен болып сайланды
Тұран-Астана Университетінде студенттік омбудсмен лауазымына «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Камидолла Аружан Алтынбекқызы сайланды.
Студенттік омбудсмен – бұл студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға жауапты өкіл. Қазақстанда студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылып, 2023 жылдың тамызынан бастап елдің барлық аймақтарындағы оқу орындарында жұмыс істеп келеді.
Аружан студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы байланысты нығайтып, туындаған мәселелерді шешуге көмектесіп, жайлы оқу ортасын құруға үлес қоспақ. Ол студенттердің өмірін жақсартуға бағытталған идеяларын, оның ішінде студенттер мен оқытушылар арасындағы диалогты дамыту және жастарды қоғамдық өмірге тарту бойынша бастамаларын ұсынды.
Тұран-Астана Университеті Аружанның өз міндеттерін абыроймен атқарып, студенттер мен басшылық арасындағы сенімді нығайтып, әділетті және қолдаушы университеттік атмосфера қалыптастыратынына сенімді.