Таланттар сайысы 2019
Жаңалықтар
Активности

Таланттар сайысы 2019

Үстіміздегі жылғы қазан айында университетіміздің қабырғасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық және «Тұран-Астана» университеттерінің ең жарқын, ең дарынды, ең жасампаз студенттері «TALENT SHOW» байқауының жеңімпазы атағы үшін күресті. Жеңімпаз атағын иелену үшін студенттер 16 байқау нөмірін көрсетті.

Өздерінің таланттарын сайыскерлер өнердің бірнеше бағдарлары бойынша ұсынды, олар: музыка аспаптарында ойнау өнері, вокал, би өнері, қара сөздерді мәнерлеп оқу және т.б. Қатысушылардың әрқайсысысы жеке сүйкімділігімен ерекшеленді. Қойылымдардың барлығы да көрермендердің ду қол шапалақтарын тудырды.

Қазылар алқасы мүшелерінің әділ шешімімен сайыскерлерге атақтар беріліп, марапаттар таратылды, сонымен, бірінші орынды «ELECTRO BEATZ» би тобы, екінші орынды BEAT BOX нөмірімен ҚазАТУ-дың студенті Зеннатов Адильхан қанжығасына байласа, үшінші жүлделік орынды «Бұлбұл» әнімен Кушербаева Айдана иеленді. Біз жақсысының жақсысын тамашаладық!

Сөзсіз, біздің университетіміздің қабырғасынан әрі дарынды, әрі жарқын талай тұлға шықты деп мақтана аламыз. Әрине, осындай өткен байқаулар еліміздің жаңа жұлдыздарының туындауына үлкен себебін тигізеді.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр