"Туран-Астана" университеті жас ғалымдардың гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті
Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасы мақұлданды.
Бурханова Дана Камалқызы басқаратын жоба Қазақстан жастарының еңбек нарығының цифрлық трансформациясы жағдайындағы тұрақтылығын зерттеуге арналған. Бұл жоба сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары бағаға ие болып, әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің перспективалы бағыттарының бірі ретінде танылды.
Гранттық қаржыландыру цифрлық технологиялардың жастардың жұмыспен қамтылуына әсерін терең талдауға, білім беру жүйесін еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімдеуге арналған ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.