Разное
Еріктілерге арналған нұсқаулық
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
1. Жобаға қатысушы – Қазақстан ЖОО-ларының студенттері. 2. Ұйым-алаң – мемлекеттік мекемелер, волонтерлік ұйымдар. 3. Жергілікті атқарушы орган – өңірлік мемлекеттік мекемелер (органдар). 4. Жоғары оқу орны – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары. 5. Модульдің әкімшісі - "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУІ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
1.Жобаға қатысушы Фейсбук немесе Вконтакте профилі арқылы Модульде өз күшімен тіркеледі. 2. Қосылу шартын зерделейді және оған қол қояды. 3. Жеке кабинетте ресми форматтағы фотосуретті орнатады және тиісті жолдарды толтырады. 4. Студент өз Университеті тарапынан мақұлдауды күтеді 5. Мақұлдағаннан кейін студент бос жұмыс орнына әңгімелесуге өтініш беру мүмкіндігін алады. 6. Ұйым оффлайн әңгімелесуді өткізіп, студентпен бірлесіп жұмыс істей бастайды. 7. Сағаттары аяқталғаннан кейін студент есебін қалыптастырады. 8. Есепті ұйым мен "Қаржы орталығы" АҚ қарайды. "Қаржы орталығы" АҚ еңбекақы төлеуді жүргізеді
ҰЙЫМ-АЛАҢНЫҢ ТІРКЕЛУІ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
1. Ұйым-алаң Фейсбук немесе Вконтакте профилінің көмегімен Модульде өз күшімен тіркеледі. 3 Қосылу шартын зерделейді және оған қол қояды. Жеке кабинетте ресми форматтағы фотосуретті орнатады және тиісті жолдарды толтырады. Ұйым-алаң ЖАО-ның мақұлдауын күтеді. 5. Мақұлдағаннан кейін алаңның жобалар мен бос жұмыс орындарын құру және студенттердің әңгімелесуіне өтініштерін қабылдау мүмкіндігі пайда болады. 6. Ұйым оффлайн әңгімелесуді өткізіп, студентпен бірлесіп жұмыс істей бастайды. 7. Сағаттары аяқталғаннан кейін студент есебін қалыптастырады. Есепті ұйым-алаң қарайды да, "Қаржы орталығы" АҚ-ға береді. "Қаржы орталығы" АҚ еңбекақы төлеуді жүргізеді.