«Аналитик» ғылыми-практикалық мектебі

"Аналитик" ғылыми-практикалық мектебі

Университеттің ғылыми – зерттеуқызметін жүзегеа сыру аясында: Ғылым және коммерцияландыру департаменті құрамындағы дербес құрылым ретінде "Аналитик" ғылыми-тәжірибелік мектебі (ҒТМ) құрылды. ҒТМ математика және экономика саласында қосымша оқу бағдарламаларын жүзеге асырумен, заманауи білім беру технологиялары мен оқыту формаларын әзірлеумен және пайдаланумен, "әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау мен болжаудың математикалық және аспаптық әдістері" бағыты бойынша ғылыми зерттеулермен айналысады.

Сонымен қатар "Аналитик" ҒТМ "әлеуметтік-экономикалық процестерді болжау және талдаудың математикалық-статистикалық әдістері" тақырыбы бойынша аналитикалық сипаттағы курстар циклін ұсынады.Олар:

1.  Деректерді өңдеу және талдау
2. Эконометриялық талдау және болжау әдістері
3. Динамикалық болжау модельдері
4. Көп өлшемді статистикалық әдістер

Әр курстың мақсаты аналитикалық ойлауды дамыту, шешім қабылдау. Әрбір курс екі кредит көлемінде өткізіледі және 3 айға есептелген. Курсты оқыту әдістемесі тыңдаушының өз бетінше жұмыс жасауымен аналитикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында тақырыптарды оқытудың жобалық тәсіліне негізделген.

Курстардың міндетті талаптары нақты деректерде жоба жұмысын орындау болып табылады және сәтті қорғаудан кейін сертификат беріледі.

Сонымен қатар 6 кредит көлемінде оқу бағдарламаларын игергені және ғылыми жобаны әзірлегені үшін (мақала басып шығарғаны, республикалық және халықаралық конференцияларда баяндамамен сөйлегені) ғылымның осы бағыты бойынша біліктілігін арттырғаны туралы куәлік беріледі. ҒТМ республикалық және халықаралық конференцияларға жақсы ғылыми нәтижелерге қолжеткізген бакалавр-студенттердің қатысуын қаржыландырады.

Курс бағдарламасы төмендегідей.

ҒТМ Ғылыми жетекшісі - э. ғ. д., профессор Рахметова Р. У.

Курс бағдарламасы* 

1. Мәліметтерді өңдеу және талдау (2 кредит - 90 сағат)

Тақырыптар

Сағаты

Күтілеті ннәтижелер*

1

Есептің қойылымы және талдау

4

Талдаудың мақсатын қою. Көрсеткіштерді іріктеу және  нақты мәліметтерді жинақтау.

 

2

Кестелік әдіс

6

Мәліметтердің кестелік түрі

3

Графикалық әдіс

6

Мәліметтерді графикалық өрнектеу

4

Математика-статистикалық талдау әдістері

6

Мәліметтерді бизнес-талдау

 

 

Жобалық жұмыс

8

Презентация. Жобаны қорғау

 

БАРЛЫҒЫ

30

 

 

2. Эконометрикалық талдау және болжам (2 кредит - 90 сағ.)

Тақырыптар

Сағаты

Күтілетін нәтижелер*

1

Себеп-салдар байланыс

10

Есептің қойылымы. Себеп-салдар факторларды анықтау. Мәліметтерді жинақтау.

2

Эконометрикалық әдістер

8

Эконометрикалық зерттеулерді этаппен жүргізу.

3

Жобалық жұмыс

12

Жобаны қорғау

 

БАРЛЫҒЫ

30

 

 

3. Болжамның динамикалық моделдері (2 кредит-90 сағ.)

Тақырыптар

Сағаты

Күтілеті ннәтижелер*

1

Уақыт қатарының деңгейіне талдау

6

Қатардың өзгерісін және құрылымын статистикалық талдау

2

Динамикалық моделдер

12

Уақытқатарының тенденциясын моделдеу.

3

Жобалық жұмыс

12

Жобаны қорғау

 

БАРЛЫҒЫ

30

 

 

4. Көп өлшемді статистикалық әдістер  (2 кредит-90 сағ.)

Тақырыптар

Сағаты

Күтілетін нәтижелер*

1

Есептің қойылымы

4

Талдаудың мақсаты. Зерттеу объектісі анықтау және мәліметтер жинақтау.

2

Кластерлік талдау

8

Кластерлерді салыстырмалы талдау.

3

Дискриминанттық талдау

8

Бәсекеге қабілеттілікті анықтау

4

Жобалық жұмыс

10

Жобаны қорғау

 

БАРЛЫҒЫ

30

 

Байланыс орталығы