Мансап

Мансап

Мансап

Тәжірибе, жұмыспен қамту және мансап бөлімі (ТЖҚМБ) ЖОО мен еңбек нарығы арасындағы негізгі және байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Жұмыс беруші-компаниялар мен үнемі кеңейтілген серіктестік қарым-қатынас орнату негізінде олардың қажеттілікерін зерделеп, жоғары оқу орныны түлектерінің мүмкіндіктерін жоспарлауға жағдай жасайды. Бұл TAU студенттеріне нақты компаниялар қызметінің ерекшелігі туралы кең білім алуға және практикалық тәжірибе алуға, бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға жағдай жасайды.

ТЖҚМБ қызметінің бағыттары:

- студенттер мен магистранттар үшін кәсіби тәжірибені ұйымдастыру;
- мансап күндерін және рекрутингтік іс-шараларды өткізу;
- кәсіпорында таныстыру экскурсиясын ұйымдастыру;
- бизнес-кездесулер, мансап семинарларын ұйымдастыру және өткізу;
- түлектердің мансабын дамыту және мониторингілеу.

ТЖҚМБ негізгі функциялары:

- Мамандар қажеттілігінің заманауи шағын жүйесін қалыптастыру;
- Университет студенттері мен түлектері үшін мастер-класстар, тренингтер және презентациялар өткізуге жұмыс берушілерді тарту;
- Университет түлектерін жұмысқа орналастыру және еңбек нарығына бейімдеу жүйесін әзірлеу;
- Жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

Серіктестік қатынаста тәжірибе, жұмыспен қамту және мансап бөлімі ынтымақтастық туралы қысқа және ұзақ мерзімді ресми шарттарды бекітеді, олар экономикалық, техникалық және гуманитарлық бейіндегі түрлі салаларда жұмыс істеуге, тәжирибеден өтуге  құқық береді.

Тәжірибе, жұмыспен қамту және мансап бөлімі TAU стратегиялық серіктестерінің желісін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, қазіргі уақытта Университеттің жұмыс берушілері базасында 80 – нен астам тұрақты әлеуметтік серіктестер, олар: «BestWesternPlus» қонақ үйі, «Астаналық интегративті және отбасылық психология институты» ЖШС, «Eurasian – holding» ЖШС, №2 мектеп-гимназиясында кафедралар филиалдары жұмыс істейді.

ТЖҚМБ қызметінің ажырамас құрамдас бөлігі тұрақты бизнес-кездесулерді, мастер-кластар мен қонақ дәрістерін ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Осы іс-шаралар серіктес компаниялардың қатысуымен өткізіледі.

TAU серіктестері мен жұмыс берушілері студенттерді ішінара жұмыспен қамту мақсатында тағылымдамадан өтуге қабылдайды (part-time). Сонымен қатар, IT-мамандығының студенттері ARTA SYNERGY платформасы бойынша онлайн-оқудан өтуде, бұл кейіннен оларға ARTA SOFTWARE компаниясында жұмыс істеуге құқық береді.

ТЖҚМБ – да сондай-ақ TAU түлектерінің деректер базасы құрылуда, жұмысқа орналасқан жері жайлы және жұмыс қажеттілігі туралы ақпаратты алуға болады.

 

Байланыста:

Алтынбекова Еркеш Салтанатқызы

altynbekova-e@tau-edu.kz

Тел.39-81-18, ішкі. 112

"В" корпусы, каб. 210

 

Job opportunities for students

 

Documents:
Түлектер қоғамдық бірлестігінің Жарғысы
Кәсіптік практика регламенті
Түлектер қауымдастығының жұмыс жоспары
Жұмысқа орналасу жайлы ақпарат

Контакт - центр