еліміздің жоғары білім жүйесінде тұңғыш жол салушы болып «Тұран-Астана» университетінде тікелей желі прокторинг технологиясы енгізілген. Бұл студенттің жеке басын анықтауға, емтихан барысында монитор экраны арқылы студенттің жүріс-тұрысын қадағалауға және емтиханды толығымен бейнеге жазып алуға мүмкіндік туғызады.
"Педагогика және психология" кафедрасының профессоры, пс.ғ.к. Серік Қырықбайұлы Жантекеев Ресей Федерациясы Пенза қ. ХХХI Халықаралық "ең үздік ғылыми мақала 2019" ғылыми-зерттеу конкурсына қатысып үздік мақала үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.
ТАУ университетінің студенттері, Жастар ісі комитеті және «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп Жүректен жүрекке науқанын ұйымдастырды. Қаламыздағы табысы аз отбасыларға материалдық жәрдем беруде белсенділермен науқан шеңберінде 10-нан астам отбасыға көмек көрсетілді.
18 желтоқсан күні The Ritz Carlton, Astana қонақ үйінде Жастар жылы аясында «ONE WORLD-ONE LIFE»халықаралық жастар балы өтті. Бұл жобаның басты ұйымдастырушысы - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы. Осы шараға еліміздің белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар ТАУ университетінің студенттері қатысты.
Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, олар: жұмыспен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Тәуелсіздік сарайында «ДАЛА ӨРНЕКТЕРІ-2019» атты VII Республикалық көрме өтті, көрме ұйымдастырушылары – TAU университеті, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тәуелсіздік сарайы" МКҚК, Суретшілер одағы, ҚР Көрекмөнер академиясы.