Ақпарат
Цифрлық трансформация департаменті (ЦТД) — «Туран-Астана» университетінің цифрлық инфрақұрылымды стратегиялық дамытуға, заманауи ақпараттық технологияларды енгізуге және университеттің цифрлық дамуын қалыптастыруға жауапты негізгі құрылымдық бөлімшесі.
Цифрлық трансформация — бұл жай ғана IT шешімдерді енгізу емес, барлық үдерістерді: оқу, ғылыми және әкімшілік қызметті терең қайта қарау болып табылады. ЦТД-ның басты мақсаты – заманауи талаптарға және білім беру мен басқару саласындағы халықаралық стандарттарға сай интеллектуалды, икемді және орнықты цифрлық экожүйе құру.
Ғаламдық цифрлық экономика жағдайында тиімді оқытуға, ғылыми инновацияларға, орнықты басқаруға және университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін цифрлық ортаны қалыптастыру.
Кафедраның негізгі функциялары
- Университеттің цифрлық трансформация стратегиясын әзірлеу және іске асыру
- Бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру және сүйемелдеу
- Телекоммуникациялық және есептеу инфрақұрылымын дамыту
- Жергілікті және бұлтты сервистерді әкімшілендіру, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
- Ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету
- Заманауи цифрлық шешімдерді білім беру бағдарламаларына енгізу
- Қашықтықтан және аралас оқытуды қолдау
- Оқытушылар мен қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру, АКТ қолдануда әдістемелік көмек көрсету
Департаментті университет ректоры тағайындайтын директор басқарады. Команда құрамына IT саласындағы мамандар, жүйелік әкімшілер, инженерлер және цифрландыру жобаларын іске асыратын аналитиктер кіреді.
Департамент қызметі ішкі нормативтік құжаттар, Қазақстан Республикасының заңнамасы және университет басшылығының стратегиялық нұсқаулары негізінде жүзеге асырылады.
ЦТД университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, техникалық қолдау көрсетіп, үдерістерді автоматтандыру және инновациялық шешімдерді енгізумен айналысады. Сонымен қатар, департамент Қазақстан Республикасындағы цифрлық дамуға жәрдемдесетін жетекші IT-компаниялармен, цифрлық платформалармен, ғылыми орталықтармен және мемлекеттік ұйымдармен серіктестік қатынастарды белсенді түрде дамытады.
Байланыс нөмірлері
Цифрлық трансформация департаментінің директоры –
Конев Анатолий Сергеевич
Email: a.konev@tau-edu.kz
Телефон: +7 (7172) 644-310 қосымша 7
Мекен-жайы: «Туран-Астана» университеті, «В» оқу ғимараты, 614-кабинет
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00