Студенттерге қызмет көрсету орталығы
Бөлімдер

Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Ақпарат

TAU University оқу үрдісін тиімді және оңтайлы ұйымдастыру үшін  СҚКО ұйымдастырды, оның қызметі оқу үрдісіндегі ақпараттың ашық және таза дамытуға бағытталған; сервистік қызметті оңтайландыруға;  сапа мәдениетін  қалыптастыруға;  сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмауға бағытталған.

СҚКО оқу үрдісінде, жатақханаға орналастыру кезінде, әскери есепке алуды, көші-қон тіркеуін рәсімдеу, академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кеңес беру және т.б. қызмет ұсынады.

Бөлімнің негізгі ерекшілектері

СҚКО-ның басты мақсаты бір терезе қағидаты бойынша білім алушыларға уақытылы және сапалы қызмет көрсету үшін жағдай жасау болып табылады. Студенттер, ата-аналар, түлектер мен талапкерлер келесі сұрақтар бойынша СҚКО-на хабарласа алады:

- Қайта қабылдау, оқудан шығару, мамандықтан мамандыққа ауыстыру немесе басқа ЖОО;
- Пәндерге тіркеу және қайта тіркеу, СЖОЖ қалыптастыру;
- GPA анықтау;
- Академиялық айырмашылықты немесе академиялық берешекті анықтау;
- Академиялық демалысты рәсімдеу;
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына ұсыну үшін анықтамалар, академиялық анықтамаларды, транскрипттерді, дипломдарға қосымшаларды, дипломдарды, және дипломдар мен қосымшалардың телнұсқаларын беру;
- ААЖ Платонусқа кіру үшін логин мен парольді беру;
- Жазғы семестрді ұйымдастыру, академиялық берешектерді қайта тапсыру, академиялық айырмашылықты тапсыру;
- Сессияға шақыру анықтамаларын беру;
- Білім алушыларға ақпараттық көмек көрсету;
- Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кеңес беру;
- Әскери есепке қою және тіркеу, білім алушылар мен қызметкерлерді әскери есептен шығару, нысандар бойынша құжаттаманы толтыру және қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) құжаттарды ұсыну;
- Әскерден кейінге қалдыруға анықтама беру және беруге өтінім қабылдау;
- ҚР азаматтарын, шетелдік білім алушыларды, тыңдаушыларды және қонақтарды тұрақты және уақытша тіркеуді рәсімдеу (мемлекеттік шекарадан өту ережелеріне сәйкес) және оқу визаларын (мерзімдері бойынша) рәсімдеу кезінде көмек көрсету.

Байланыс нөмірлері

«B» ғимараты, каб. B102
Телефондар: +7 717 239-81-18 ішкі номер: 124
Электрондық пошта: gribincha@tau-edu.kz
Жұмыс кестесі: 10:00-19:00

Байланыс орталығы