АРТА сараптама тобының аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша жұмысы
Жаңалықтар
Университет

АРТА сараптама тобының аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша жұмысы

       2023 жылғы 03 наурызда «Тұран-Астана» университетінде 8D04101 
«Экономика» білім беру бағдарламасының аккредиттеуден кейінгі 
мониторингі шеңберінде АРТА (IAAR) сарапшылар тобының онлайн 
кездесуі өтті.
       Онлайн кездесуге IAAR үйлестірушісі, сарапшы, университет 
тарапынан – сыртқы байланыстар, аккредиттеу және рейтинг жөніндегі 
проректор Капенова А.З., Бизнес және ақпараттық технологиялар 
мектебінің деканы Айымқұлов Р.А., «Бизнес-әкімшілік» кафедрасының 
меңгерушісі кафедрасы Бекбусинова Г.К., Аккредиттеу және рейтинг 
департаментінің  жетекші маманы Асылаева К.К., «Бизнес-әкімшілік» 
кафедрасының ССК ұсынымдарын орындау бойынша есепті жазу үшін 
жауапты оқытушылары, экономика ғылымдарының кандидаты 
ассоциацияланған профессор  Искаков Б.М., э.ғ.д., профессор Сапарова 
Г.К., аға оқытушы Аипов Б.Б. қатысты.
       Сараптамалық топтың құрамы:
       IAAR сарапшысы – Исахова Парида Бакировна, экономика 
ғылымдарының докторы, Алматы Менеджмент Университетінің 
профессоры (Алматы);
        IAAR үйлестірушісі – Бекенова Динара Қайырбекқызы, IAAR ТжКБ 
ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі (Астана қ.).
       Аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша топтың жұмысы 
сындарлы түрде жүргізілді, сарапшылар аталмыш білім беру 
бағдарламасын одан әрі қайта аккредитациялауға дайындық үшін 
пайдалы болатын құнды ұсыныстар берді. ССТ ұсынымдары қысқа 
мерзімде орындалды, есепке толықтырулар енгізілді.
        Жемісті атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіреміз!

Аккредиттеу және рейтинг департаменті,
03.03.2023 ж

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр