Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні құтты болсын!
Жаңалықтар
Университет

Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер мен 
әріптестер, Сіздерді Қазақстан Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
12 сәуір Республика Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 жарлығымен "Ғылым 
қызметкерлері күні" болып белгіленді
Ғылым ел экономикасының даму жолында үлкен рөл атқарады. Ғылымсыз, жаңа 
технологиялар мен білімсіз, цифрландырусыз, бүгінгі таңда экономикада да, әлеуметтік 
салада да табысқа жету мүмкін емес. Қазақстандық ғалымдар отандық ғылымның 
перспективалық бағыттарын дамыта отырып, маңызды міндеттерді шешу жолында 
белсенді еңбек етуде. Мемлекет өз тарапынан перспективалық ғылыми орталықтарды 
қолдау жөнінде белсенді шаралар қабылдауда, ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай 
жасауда.Жыл сайын біздің ұжымның ғылыми әлеуеті артып, ғылыми мектептер құрылып, 
іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілуде және халықаралық байланыстар дамуда.
Ғалымның еңбегі әрқашан қызықты, қиын жұмыс болып табылады, ол әрқашан 
құрметке ие. Сіз өзіңіздің еңбегіңізбен және ынта-жігеріңіздің арқасында  ғылымның 
дамуына баға жетпес үлес қосасыз.
Осы айтулы күні сіздерге күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін, отандық ғылымның 
рухы жүзеге асырылып жатқан бірегей жобалар мен жұмыстар үшін алғыс айтқымыз 
келеді. Әрбір жаңа күн шығармашылық және бірегей идеяларға, пайдалы және ұлы 
жаңалықтарға,  және  нәтижелерге  толы болуын тілейміз!
 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы