Қазақстандағы әскери борышын өтегеннен кейін ректорлық грантқа түскен азаматтардың тізімі
Жаңалықтар
Университет

Қазақстандағы әскери борышын өтегеннен кейін ректорлық грантқа түскен азаматтардың тізімі

Қазақстандағы әскери борышын өтегеннен кейін ректорлық грантқа түскен азаматтардың тізімі

Қазақстанда әскери борышын өтеп, «Тұран-Астана» университетіне ректорлық грантпен оқуға түскен азаматтардың тізімі жарияланды.

Тізім туралы толығырақ мына жерден табуға болады.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары меморандумға қол қойған болатын. Отан алдындағы әскери борышын өтеп, екі жыл қызмет еткен жастар Қазақстанның кез келген жоғары оқу орнының ақылы бөліміне ҰБТ тапсырмай-ақ түсе алады. Сондай-ақ, жыл бойы әскери дайындықта ерекше көзге түскен және жақсы тәртіп көрсеткендер университет есебінен жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігіне ие болатыны айтылды. Яғни, оқу ақысына 100% жеңілдік.

Жиі қойылатын сұрақтар:

Қайда өтініш беру керек, не істеу керек?

- Грант алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1.     Мерзімді әскери қызметке кіру.

2.     Жауынгерлік және әскери-кәсіптік даярлықта, әскери тәртіпте жақсы нәтижелер көрсету.

3.     Қорғаныс министрлігінің комиссиясы мерзімді әскери қызмет өткеру нәтижелері негізінде тегін жоғары білім беру жөнінде шешім қабылдайды.

4.     ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдап, Қорғаныс Министрлігінен ұсыныс алыңыз.

5.     Әскерден кейін екі жыл ішінде ЖОО-ға келу және ҰБТ-сыз оқуға түсу.

Шәкіртақы бола ма?

- Жоқ. Бұл мемлекеттің гранты емес, бұл университет есебінен білім алу. ЖОО мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға ҰБТ сертификатынсыз  оқуға түсуге 100 ппроценттік жеңілдік береді.

Университетке ақылы негізде ҰБТ-сыз түсе аламыз ба?

- Иә, мүмкін. Мерзімді әскери қызмет аяқталғаннан кейін екі жыл ішінде азамат ЖОО-ға әңгімелесу нәтижелері бойынша ҰБТ баллын есептемей ақылы негізде оқуға түсе алады. Ол үшін ол е-gov немесе ХҚКО-де мерзімді әскери қызмет өткергені туралы анықтама алып, басқа құжаттармен бірге өзі таңдаған университетке ұсынуы қажет.

Жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті құжаттардан басқа, азаматтарға мерзімді әскери қызмет өткергені туралы анықтама беру қажет болады. Яғни, ақылы негізде мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтар екі жыл ішінде қажетті оқу орнына түсе алады. ҰБТ көрсеткішін есепке алмай оқуға түсу кезінде ақылы оқыту үшін мамандықтар мен жоғары оқу орындары бойынша шектеулер жоқ.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін Turan-Astana University-ге тегін негізде түскен азаматтардың тізімі

Біз сізді университет қауымдастығына қосылуға және болашағыңызға алғашқы қадамды қазір жасауға шақырамыз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр