-
«Самұрық-Қазына» қоры ЖОО түлектеріне арналған байқау жариялайды
«Жас Өркен» бағдарламасы – «Самұрық-Қазына» қорының талантты жоғары оқу орындарының түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өту, оқыту және дамыту жөніндегі бастамасы. Іріктеу кезінде Байқаудың негізгі қағидаттары- барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктер, ашықтық пен жариялық, меритократия.
-
ТАУ университетінің студенттері мен магистранттары Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті базасында ғылыми кеңес беру семинарына қатысты
Семинарда түлектерді жұмысқа орналастыру, практика мен тағылымдамадан өту базасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. «Біз біргеміз» еріктілер жылының аясында Нұр-Сұлтан қаласында тегін заңгерлік көмек және кеңестер беру іс-шараларына Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірге қатысу мақсатында Әділет департаментінің бөлімдерінде тағылымдамадан өту үшін студенттер тобы құрылды.
-
TAU еріктілері «Birgemiz» еріктілер фронт-кеңсесінің ашылуында
Жақында елордамызда “Birgemiz” атты еріктілердің республикалық фронт-кеңсесінің ашылуы өтті. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Еріктілер жылының аясында ресми түрде еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуын жариялады.
-
Мерекелеріңізбен, аяулы арулар!
-
Бизнес-инкубатор "StartupUniver" стартап-жобалары байқауының жеңімпаздары анықталды
Байқауға 40-тан астам өтініш келіп түсті, олардың ішінде 10 жоба іріктеліп алынды. Байқауға TAU университеті,С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистранты,сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар нарықтың әр түрлі сегменттерінде қатаң бәсекелестік жағдайында талап етілуі мүмкін инновациялық идеялармен бөлісті.
-
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына тегін заңгерлік кеңестер берілді
«Birgemiz» еріктілер қозғалысының жылы аясында «Құқықтану» мамандығының студенттері Нұр-Сұлтан қаласының әділет басқармасының қызметкерлерімен, прокуратура және адвокаттар алқасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына тегін заңгерлік кеңестер беруге қатысты.
-
Қазақстандағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл мырзамен кездесу
2020 жылдың 13 ақпанында "Дизайн, сервис және туризм" кафедрасы Қазақстандағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл мырзамен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде мәдени байланыстарды дамыту, білім беру саласындағы ынтымақтастық, жастар саясаты, визалық жүйе және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.