«Үздік болашақ тергеуші» байқауы
Жаңалықтар
Кафедра "Национальное и международное право"

«Үздік болашақ тергеуші» байқауы

Желтоқсан айында Ішкі істер министрлігі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған елорданың азаматтық және Заң жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Үздік болашақ тергеуші» байқауын өткізді. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар заңнаманы, қылмыстық іс жүргізу кодексін білу бойынша тестілеуден өтті. Екінші кезеңде студенттер тергеушілердің жұмысына қатысты арнайы ситуациялық тапсырмаларды орындап, өздерінің қисыны мен тапқырлығын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік болашақ тергеуші» номинациясында «Тұран-Астана» университетінің Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының ЮП 18-1 тобының 4-курс студенті Жансая Сәбитова 3-орын алды.

Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев  өзі жеңімпаздар мен қатысушыларды дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы