Бизнес-инкубатор "StartupUniver" стартап-жобалары байқауының жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар
Бизнес-инкубатор

Бизнес-инкубатор "StartupUniver" стартап-жобалары байқауының жеңімпаздары анықталды

2020 жылдың 25 ақпанда "TAU" университетінің Бизнес-инкубаторы "StartupUniver" ұйымдастырған "Үздік стартап-жоба" байқауы өтті, оның жетекшісі "Қаржы, есеп және бағалау" кафедрасының аға оқытушысы Жуанышев Азамат Ержанұлы.

   

Байқауға 40-тан астам өтініш келіп түсті, олардың ішінде 10 жоба іріктеліп алынды. Байқауға TAU университеті,С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистранты,сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар нарықтың әр түрлі сегменттерінде қатаң бәсекелестік жағдайында талап етілуі мүмкін инновациялық идеялармен бөлісті. Конкурс бизнес-идеяларды іске асыру мүмкіндігін және олардың жоба иесі үшін пайдалылығын анықтайтын бірқатар қатаң параметрлерді қамтиды.

Тәуелсіз қазылар алқасының құрамына ЖОО-ның оқытушылары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кірді: Ғылым және инновация  департаментінің директоры  Р.У. Рахметова, "Қаржы, есеп және бағалау" кафедрасының аға оқытушысы Ж. Р. Таурбаев, "Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасының доценті, э. ғ. к. Б. М. Ысқақов.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды екі жоба иеленді:

-"ModusOperandi" жобасы-авторлары Атаев Тимур Асланович,Тоқтарова Гүлсезим, Меркулова Ангелина, Второв Руслан TAU университетінің студенттері. Жүлде қоры 80 000 тг.

-"Робот садовник" жобасы-авторы Қуандықов Исмаил Бауыржанұлы Нұр-сұлтан қаласы  №54 мектептің оқушысы.Жеңімпаз TAU университетінде оқуға 70% жеңілдік алды.

2 орынға келесі екі жоба ие болды:

-"INTER-action "жобасы- авторы Жанжігитов Сырым Жанмұратұлы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистранты. Жүлде қоры 25 000 тг.

-"Bagdar" жобасы- авторлары Мешітбай Камила Әсетқызы, Қабдуахит Дарын Еркінұлы С.Сейфуллин  атындағы ҚазАТУ студенті. Жүлде қоры 25 000 тг.

 

3 орынды "Galamshar" жобасы иеленді - авторы Нұрланқызы Гүлназида TAU университетінің студенті. Жүлде қоры 20 000 тг.

Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр