«Самұрық-Қазына» қоры ЖОО түлектеріне арналған байқау жариялайды
«ЖАС ӨРКЕН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 2018, 2019 ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ
«Жас Өркен» бағдарламасы ЖОО түлектеріне арналған байқау жариялайды.
«Жас Өркен» бағдарламасы – «Самұрық-Қазына» қорының талантты жоғары оқу орындарының түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өту, оқыту және дамыту жөніндегі бастамасы. Іріктеу кезінде Байқаудың негізгі қағидаттары- барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктер, ашықтық пен жариялық, меритократия.
2019 жылы іріктелген мамандар қазір ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтіп жатыр. Олардың жетістіктері туралы «Жас өркен» бағдарламасының https://zhasorken.skcu.kz/interns/2019 ресми парақшасынан және facebook: https://www.facebook.com/ZhasOrkenProgram білуге болады.
Бағдарламаға кім қатыса алатындығы, қатысушыларды тіркеу, «Жас өркен» бағдарламасы және байқау шарттары туралы ақпарат – www.skcu.kz/zhasorken сайтынан білуге болады.
Байқауға қатысу өтініші 2020 жылдың 1 қантарынан 31 наурызға дейін байқаудың ресми сайтында – www.zhasorken.skcu.kz – онлайн тіркелу арқылы беріледі. 2020 жылдың 31 наурызынан кейін жүктелген өтініштер байқау комиссиясымен қарастырылмайды.
Барлық сұрақтар бойынша қоңырау шалыңыз. 8-7172-79-95-99 немесе support@hrqyzmet.kz; zhasorken@skcu.kz. электрондық мекен-жайынан біле аласыз.